Махамбет аудандық ауруханасы - I санатты аккредиттелген медициналық ұйым
Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының эксперттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 299/2020 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 19 - 21 қараша аралығында Махамбет аудандық ауруханасында сыртқы кешенді бағалау жүргізді.
Бағалау қорытындысы бойынша Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
«Махамбет аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері мен аккредиттеу комиссиясының шешіміне (05.12.2025 жылғы №307 бұйрық) сәйкес Бірінші санат беріліп, 3 жыл мерзімге аккредиттелген деп танылды.
Аккредитация - медициналық ұйымның қызмет сапасы, қауіпсіздік деңгейі және халыққа көрсетілетін көмектің белгіленген стандарттарға сәйкестігін тәуелсіз сарапшылардың бағалауы.
I санатты алу - аудандық ауруханада медициналық көмектің жоғары деңгейде көрсетіліп отырғанының ресми дәлелі. Бұл - тұрғындар үшін сапалы қызмет, қауіпсіз ем және білікті мамандарға сенімнің кепілі.
Махамбет аудандық ауруханасы тұрғындардың денсаулығы үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуді одан әрі жалғастыра береді





















