Добро пожаловать на наш сайт!

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының

 

"Махамбет аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК

A- A A+

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының

"Махамбет аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК

КГП на ПХВ "Махамбетская районная больница"

 

Управления здравоохранения Атырауской области

 

Добро пожаловать на наш сайт!

Біз туралы

Алғашқы дәрігерлік амбулатория 1937 Жаманқала селосында ашылған, бірақ дәрігер болмауына байланысты амбулаторияның фельдшері басқарған. Бұл мезгілде аудандық денсаулық сақтау бөлімі басшылары жиі ауысқан.
Егер 1928 жылы бұл лауазымға Машанов тағайындалса, 1939 жылы Оспанов, Лукьяненколар тағайындалған.
1957 жылы Жаманқала селосында аудандық аурухана ашылып, бас дәрігеріне Хайролла Смадиарұлы Қалжігітов тағайындалды. Осы ауруханаға бас дәрігерлікке 1963 жылы К.И.Иманғалиев, 1964 жылы Л.Ф.Кравченко, 1968 жылы К.Х.Хайров, 1977 жылы Қайролла Қапашев, 1983 жылы Жеміс Жалмағамбетқызы Досымбаева, 1992 жылы Сайын Иманғалиев, 1996 жылы Жания Орынғалиқызы Жарылғасова қызмет етті.
1996 жылдан 1998 жылға дейін Жаңыл Қатепқызы Ғұмарова, 2000 жылы Ақжұма Аққалиқызы Жаңбырова бас дәрігер қызметін атқарды. 2001 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімі құрылып, оны Ақжұма Аққалиқызы Жаңбырова басқарды. 2000-2001 жылдары орталық аурухана бас дәрігері С.Ж.Мырзағалиева, 2001-2006 жылдар арасында Аманбек Қабдешұлы Жұмыров бас дәрігерлік қызмет атқарды.
2007 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімі таратылып, аудандық ауруханадан аудандық емхана бөлініп шықты. Оның құрамына Ақтоғай, Сарытоғай, Таңдай, Сарайшық, Бейбарыс, Алмалы, Алға, Ақжайық, Жалғансай дәрігерлік амбулатория кіреді.  Аудандық емхананың бас дәрігері Жұмыров Аманбек тағайындалды.
Ал, аудандық ауруханада 2007 жылы Мырзағалиева Светлана Жұмабайқызы, 2008 жылдан бастап Бекен Сайынұлы Құлниязов бас дәрігер қызметін атқарды.
2009-2011 жылдары Сабиров Еркін Бекетұлы басшылық етіп, 2011-2013 жылы Ерпанаева Толғанай Әмірханқызы бас дәрігерлік қызметін басқарып, 2013 жылдан бастап Сабиров Ермек Сабырұлы бас дәрігерлік қызметін атқарып келеді.

1996ж.маусым-1996ж.желтоқсан-бас дәрігер Жарылғасова Ж.О.

1996ж.-1998ж.-бас дәрігер-Ғұмарова Жаңыл Қтепқызы

1998ж.-2000ж.-бас дәрігер Жаңбырова Ақжұма Аққалиқызы

2001 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімі құрылып оны Жаңбырова А.А. басқарды.

2000ж. Желтоқсан-2001ж.қазан-орталық аудандық аурухана бас дәрігері Мырзағалиева Светлана Жұмабайқызы

2001ж. Қазан айы-2006ж. Желтоқсан айы-орталық аудандық аурухана бас дәрігері Жұмыров Аманбек Қабдешұлы

2007 жылы қаңтар айынан бастап аудандық денсаулық сақтау бөлімі таратылып, орнына жаңадан мекеме болып орталық аудандық ауруханадан бөлініп мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Махамбет аудандық емханасы құрылды. Оның құрамына Ақтоғай, Сартоғай, Таңдай, Сарайшық, Бейбарыс, Алмалы, Алға, Ақжайық, Жалғансай дәрігерлік амбулаториялары кірді.

Аудандық емхананың бас дәрігері болып-Жұмыров Аманбек Қабдешұлы тағайындалды.

2007ж. қаңтар-2008ж.ақпан Орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып Мырзағалиева Светлана Жұмабайқызы атқарды.

2008 жылдың ақпан айынан бастап орталық аудандық аурухананың бас дәрігері болып Бекен Сайынұлы Құлниязов тағайындалды.

Махамбет аудандық орталық ауруханасының типтік ғимараты 2001жылы пайдалануға берілді. Аурухананың қуаттылығы 20 төсектік, әрқайсысы 10 төсектік 5 бөлімшеден тұрады. Аурухана рентген, УЗИ, кольпоскоп, телемедициналық қондырғылармен, сондай-ақ зерттеуханалық және жалпы ауруханалық құрал-жабдықтармен толық қмтылған. Мұнда хирургия, балалар, терапия, перзентхана және жұқпалы аурулар бөлімшелері бар. Ауруханаға жедел-жабдықтармен толық қамтылған. Ауруханада оташы Тажмағамбетов Қайрат, анестезиолог-реаниматолог Лқпанов Сайлау, терапевт Молдашева Бақтылы, инфекционист Елемесова Зияда Құрманқызы, педиатр Исақұлова Айжамал сияқты мамандар еңбек етеді. Ауруханада жылма жыл 1700-1800 науқас емделіп, 100-ге жуық ота жасалады.

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 25-ші желтоқсандағы №353 –ші қаулысына сәйкес Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Махамбет аудандық орталық ауруханасы ҚМҚҚ, оған Махамбет аудандық емханасы қосылу жолымен «КМҚК Махамбет аудандық орталық аурухана» болып қайта ұйымдастырылды. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап аурухана бас дәрігерлігіне Сабиров Еркін Бекетұлы тағайындалды.

Аудандық орталық аурухана 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Махамбет аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылып жұмыс істеуде. 2012 жылдың мамыр айынан бастап аурухана бас дәрігерлеріне Ерпанаева Толғанай Әмірханқызы тағайындалды.

2011ж-2013ж Ерпанаева Толғанай Әмірханқызы бас дәрігерлік қызметін басқарып, 2013 жылдан бастап 2016 жылдарда Сабиров Ермек Сабырұлы бас дәрігер қызметін атқарған.

2017-2018жылдарда Сүйеуғалиев Ерлан Бердіғалиұлы, 2018 жылы Шуақбаев Марат Тұрланұлы, 2019 жылы аудандық орталық аурухана «Махамбет аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылып, оның директорлық лауазымын Хайдаров Ардақ Жастілекұлы, 2020 жылы Бекесова Алмагул Хайдаровна, Айташев Базарбай Қайсанович, Кдрсихов Елдос Ерсайнович, Калиев Болат Ануарович, 2021 жылы Төлеген Бауыржан Дүйсебайұлы аудандық аурухананың директорлық қызметін атқарды.

2024жылдың ақпан айынан бастап осы лауазымды Сандыбаев Сержан Тұрсыметұлы басқарып келеді.