2022 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?
Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% - ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% - ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.
БЖТ құрайды:
қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;
ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады.
Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.